Введите номер документа
Прайс-лист

«Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 129 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 12 марта 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 28 марта 2019
Дата последнего изменениявторник, 12 марта 2019

Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 129 бұйрығы

 

«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Индустрия және

инфрақұрылымдық даму министрі

 

 

Р. Скляр

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және

инфрақұрылымдық даму

министрінің

2019 жылғы 12 наурыздағы

№ 129 бұйрығымен бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом