Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 9 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 27 июня 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 9 июня 2025

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі 2025 жылғы

9 маусымдағы № 290 бұйрығына

 қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күштері жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

 

1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5962 болып тіркелген).

2. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 472 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6576 болып тіркелген).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом