Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 57 бұйрығымен
бекітілген
Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі
мемлекеттік техникалық тексеру
нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер