Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 шешімі
(2024.30.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, сондай-ақ «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Г. Тойлыбаева |
Жетісу облыстық мәслихатының 2024.16.07. № 18-113 шешімімен қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Жетісу облыстық мәслихатының
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 4-31 шешіміне қосымша
Жетісу облысының әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың
тізбесі
1. Текелі қаласы:
1) № 6 шеңбер - «Текелийский энергокомплекс» ЖШС - Қонаев көшесі - «Жетісу облысының денешынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) № 3 шеңбер - «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны - орталық базар.
2. Қаратал ауданы:
1) № 1 Бастөбе ауылы, Юн көшесі - Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі;
2) № 2 Үштөбе қаласы, Мартынов көшесі - Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі.
3. Талдықорған қаласы:
1) № 3 «Самал» шағын ауданы - «Қызыл тас» саяжайлары;