2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 94-15/1 шешімі
(2022.16.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қызылорда қалалық мәслихатының 2022.18.05. № 121-19/1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.17.06. № 152-21/1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.19.07. № 155-22/1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.16.11. № 184-26/1 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 62 946 247,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 10 447 981,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 927 985,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 741 320,7 мың теңге;
трансферттер түсімі- 44 828 959,9 мың теңге;
2) шығындар – 53 204 270,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 6 387 376,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 6 874 999,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 487 623,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 2 458 517,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 2 458 517,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 896 083,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – -896 083,9 мың теңге;
қарыздар түсімі – 6 874 999,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 8 587 978,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 816 895,1 мың теңге.
2. 2022 жылға Қызылорда қаласы бюджетіне кірістерді бөлу нормативі төмендегідей болып белгіленсін: