Осы редакция 2016 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ А-11/530 қаулысымен
бекітілген
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - халықаралық техникалық байқау сертификаты (бұдан әрі - халықаралық сертификат) немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында (бұдан әрі - Стандарт) қарастырылған жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.