Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері (біліктілігі бар жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 607 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 746 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 230-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері (біліктілігі бар жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бюджеттік жоспарлау және қаржы департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі | И. Тасмағамбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
2015 жылғы 30 қазан
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 27 қазандағы
№ 607 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері
мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері (біліктілігі бар
жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының
тізілімі
| Буыны | Деңгейі | Лауазымдар атауы |
| А блогы (Басқарушы персонал) | | |
| А1 | 1 | |