Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығы
(2020.10.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтар күші жойылды деп танылсын:
1) «Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9086 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 мамырда жарияланған);
2) «Бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 210 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9874 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қарашада жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;