Көкпекті ауданының елді мекендегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 329 Қаулысы
Абай облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 343 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданының елді мекендегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.
2. «Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) Шығыс Қазақстан облысының әділет Департаментінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберілуін;
3) ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Жаслан Талгатович Майкеневке жүктелсін.