Введите номер документа
Прайс-лист

«2015-2017 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бас ұйымдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 8-1/541 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 17 июня 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 17 июня 2015

2015-2017 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бас ұйымдарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 8-1/541 бұйрығы

 

«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 9-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның 2015 жылғы 17 наурыздағы № 1 хаттамалық шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бас ұйымдар болып осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғылыми-зерттеу ұйымдары айқындалсын.

2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

А. Мамытбеков

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 17 маусымдағы

№ 8-1/541бұйрығына қосымша

 

 

2015-2017 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық
бағдарламалар бойынша бас ұйымдар

тізбесі

 

Бас ұйымдардың атауы

Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама атауы

1

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» ШЖҚ РМК

1. Қазақстанның күріш суару жүйелерінде су және жер ресурстарын басқару.

2

«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

1. Су ресурстарының ұтымды пайдаланылуын ғылыми қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы жерлерін мелиорациялау технологияларын әзірлеу.

3

«Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

1. Қазақстанның ірі қалаларын жасылдандыру тиімділігін әлеуметтік-экономикалық бағалау, жасылдандыру бағдарламаларының тиімділігін бағалау әдіснамасын және оларды дамыту бойынша ұсынымдарды әзірлеу.

2. Ормандарды сақтауды қамтамасыз ететін технологияларды әзірлеу және олардың тұрақтылығын жоғарылату.

4

«Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

1. Қазақстан топырағының құнарлылығын сақтау және молайту.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом