Атырау облысының су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 297 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысы
әкімдігінің
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 297 қаулысына
қосымша
Атырау облысының су объектiлерiнде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар
| № | Су объектісінің атауы | Көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер | қала/ ауыл, ауылдық округ |
| Атырау қаласы |
| 1. | Жайық өзені | Қ.Мамекұлы көшесі аумағындағы жағажай | Атырау қаласы |