Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 659 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 122-бабының 1-тармағына және 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне берілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 27 шілдедегі
№ 659 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік акцияларының пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың
тізбесі
1. «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы.
2. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы.
3. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
4. «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы.
5. «Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
6. «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
7. «Ионосфера институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
8. «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 27 шілдедегі
№ 659 қаулысымен
бекітілген