Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 1100 бұйрығы
(2019.26.12. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі | А. Смаилов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 1100 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.26.12. № 1424 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10502 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 сәуірде «Әділет» ақпаратты-құқықтық жүйесінде жарияланған):