Кейбір өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша тиісті мемлекеттік тізілімдеріне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ережелерді бекіту және «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығы
(2015.17.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына, 18-бабының 4-тармағына және «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Өнертабысқа өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасы өнер табыстарының мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ереже;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Пайдалы модельге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ереже;
3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Тауар таңбасына өтінімді жасау, ресімдеу және қарау ережесі бекітілсін.
2. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6234 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылғы, № 16 жарияланған) 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.