«Ақтөбе облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 74 Қаулысы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтөбе облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26589 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 26 наурыздағы
№ 74 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 3 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің
тізбесі
| № | Аудандар бойынша нысандардың атауы |
| Алға ауданы |
| 1. | «Бестамақ» оқшау су құбыры |
| 2. | «Тамды» оқшау су құбыры |
| 3. | «Үшқұдық» оқшау су құбыры |
| 4. | «Алға» оқшау су құбыры |