«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 25 тамыздағы № 572 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«68. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде инвестициялық жобалар болған кезде осы Қағидаларға 84-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың таратылып жазылуы жасалады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың таратылып жазылуында 84-қосымшада:
«жоспарлы кезең басталғанға дейін қаржыландыру» деген 4-бағанда жобаға бөлінген қаражат, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен;
«сала» деген жолда жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер; қорғаныс; қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметі; білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым; сумен жабдықтау және канализация; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; газбен жабдықтау; жылу энергетикасы; ауыл шаруашылығы; қоршаған ортаны қорғау; су ресурстары; өнеркәсіп; тасымалдау; коммуникациялар; басқалары;
«облыс (өңір)» деген жолда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы;
«жоба мәртебесі (іске асырылып жатқан/жаңа жобалар)» деген жолда жоспарлы кезең басталғанға дейін республикалық бюджеттен қаржыландыру болмаған жобалар жаңа жобалар болып табылады.