Введите номер документа
Прайс-лист

«Материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының тізбесін, әрбір кеме қатынасы шлюзі үшін оларды пайдалану және сақтау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 439 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 26 июня 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 14 июля 2019
Дата последнего изменениясреда, 26 июня 2019

Материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының тізбесін, әрбір кеме қатынасы шлюзі үшін оларды пайдалану және сақтау тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 439 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі «Ішкі су көлігі туралы» Заңы 15-бабының 5-2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Өскемен кеме қатынасы шлюзі үшін материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) Бұқтырма кеме қатынасы шлюзі үшін материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) Шүлбі кеме қатынасы шлюзі үшін материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) Кеме қатынасы шлюздері үшін материалдар мен жабдықтардың азаймайтын қорларының пайдалану және сақтау тәртібі осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом