Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі | С. Брекешев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 21 ақпандағы
№ 43 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі - Мемлекеттік кадастр) жүргізу тәртібін айқындайды.