Құрылыстағы баға мониторингі үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 270 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 8) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрылыстағы баға мониторингі үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
16-тармақ мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«16. Уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, өндірушінің немесе өнім берушінің өтінішін қарайды және тиісті өтініші алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оны Тізбеге енгізу немесе ол туралы мәліметтерді Тізбеге өзгерту туралы шешім қабылдайды.».
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі | Е. Нагаспаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»