«Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 487 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12568 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі | Р. Скляр |