ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық
саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы
1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 24 қараша
№ 1577
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 24 қарашадағы
№ 1577 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық
саясат жөніндегі ұлттық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша), Комиссия төрағасы
Имашева Снежанна Валерьевна - Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл (келісім бойынша), Комиссия төрағасының орынбасары
Мақжанова Назгүл Сейітқожақызы - кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісім бойынша), Комиссия төрағасының орынбасары
Нұрахметова Гаухар Сердалықызы - гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы (келісім бойынша), Комиссия хатшысы