Введите номер документа
Прайс-лист

«Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 596 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 30 ноября 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 18 января 2016
Дата последнего измененияпонедельник, 30 ноября 2015

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 596 бұйрығы

 

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны бекітілсін.

2. Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Сұлтанов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық банкінің төрағасы

Д. Ақышев

2015 жылғы 14 желтоқсан

Қазақстан Республикасы

Қаржы Министірінің

2015 жылғы 30 қарашадағы

№ 596 бұйрығымен

бекітілген

 

Нысан

 

 

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған
мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша,
сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары бойынша
(корреспонденттіктерді қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтату
туралы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның
өкімі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом