Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1520 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1520 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
«Бағдарлама Паспорты» деген 1-бөлімде:
«Бағдарламаның міндеттері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
| «Бағдарламаның міндеттері | 1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау 2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру 3. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету 4. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту»; |
«Кіріспе» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Бағдарлама шеңберінде ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған кредиттер субсидияланбайды.»;
он бірінші бөліктегі «экспорттаушы - өндірілетін өнімнің 10 %-дан астамын экспорттауды жүзеге асыратын кәсіпкер» деген абзац алынып тасталсын;
он екінші бөліктің екінші абзацындағы «бағытын» деген сөз «және төртінші бағыттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Міндеттері» деген 4.3-бөлімде:
бірінші бөлікте:
«үш» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.».