«Бағалаушылар палатасы және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 460 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағалаушылар палатасы және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16905 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бағалаушылар палатасы мүшелері тізілімінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ 460 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 сәуірдегі
№ 488 бекітілген
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Әкімшілік деректер нысаны www.minfin.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған
Бағалаушылар палатасы және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат