Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 250-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі | Е. Аккенженов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлiгі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттiгiнің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 250-н/қ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 «Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: