Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 139 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 26 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 152-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Теңгебаев А.М.) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 139 бұйрығымен бекітілген