Оқулық басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 тамыздағы № 611 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-124 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған оқулық басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А.Сәрінжіпов
2015 жыл 24 тамыз
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 19 тамыздағы
№ 611 бұйрығымен
бекiтiлген
Оқулық басылымдарына қойылатын гигиеналық
нормативтер
Жалпы ережелер
1. Осы оқулық басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтер (бұдан әрі - Гигиеналық нормативтер) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және оқулық басылымдарына қойылатын гигиеналық талаптарды белгілейді.