Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 44/234-VIII шешімі
Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 185-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Семей қаласы мәслихатының төраға м.а. | К. Шапатов |
Абай облысы
Семей қаласы мәслихатының
2025 жылғы 16 мамырдағы
№ 44/234-VIII шешіміне
қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер