Креативті индустрияларға жатқызылатын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 572-НҚ бұйрығы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған креативті индустрияларға жатқызылатын Экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Креативті индустриялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикадық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтына» ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдасын;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрінің қарауына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі | А. Балаева |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының