Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1003 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 14 декабря 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 14 декабря 2022
Дата последнего изменениясреда, 14 декабря 2022

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1003 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы:

1) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;

2) ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды үйлестіру;

3) ғылымды дамыту бойынша форсайттық зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру;

4) ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;

5) ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;

6) ғылыми журналдар шығару, халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;

7) ғылымды танымал етуге қатысу;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру болып айқындалсын.

3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мүліктің акцияларын төлеуге беру арқылы қалыптастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2) мемлекеттік тіркеу үшін қоғам атынан құжаттарға қол қоюға, қоғам органдары құрылғанға дейін қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген адамды сайлауды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом