Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 220 бұйрығы
(2016.08.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 210 бұйрығымен күші жойылды
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру стандарттары бекітілсін.
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 220 бұйрығына
1-қосымша
Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының
тізбесі
| Код | Бейінді білім, мамандықтар мен кәсіптер атауы |
| 1. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі мамандықтар* |
| 0500000 - Сервис, экономика және басқару |
| 0501013 | Әлеуметтік жұмыс бойынша маман |
| 0501023 | Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман |
| 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар* |
| 1. Білім |
| 5В010200 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі |
| 5В010300 | Педагогика және психология |
| 5В010500 | Дефектология |
| 5В010100 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
| 5. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес |