Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 шілдедегі № 488 Қаулысы
(2023.04.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 21 маусымдағы № 463 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне дейін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп отырсын.
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жылына екі рет, 15 шілдеге және 15 қаңтарға қарай Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына беріп тұрсын.
4. Кешенді жоспардың орындалуын бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен кешенді жоспар өзгертілді (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 18 шілдедегі
№ 488 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған
кешенді жоспары
Кіріспе