Теміртау қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 15/4 шешімі
(2022.28.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2022.25.02. № 18/4 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.05.05. № 22/4 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.28.07. № 29/4 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер – 30 444 466 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша – 24 187 834 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 213 737 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 379 211 мың тенге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 5 663 684 мың теңге;
2) шығындар – 37 320 109 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 21 868 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 21 868 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 6 853 775 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру – - 6 853 775 мың теңге;
қарыз түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 220 222 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 7 073 997 мың теңге.
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2022.25.02. № 18/4 шешімімен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. 2022 жылға арналған қалалық бюджетте 1 407 960 мың теңге сомасындағы нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару көзделсін.