Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 55 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 4 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Заң департаментінің директоры А.Қ. Әлиақпаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы
№ 55 бұйрығына 1-қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі
комиссияның құрамы
| Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, төраға |
| Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары |
| Нұрғалиев Рашид Қабділмәжітұлы | - | Заң департаментінің директорының орынбасары, хатшы |
| Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі |
| Pay Альберт Павлович | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі |
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы
№ 55 бұйрығымен бекітілген
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін
аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер