Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 105 бұйрығы
(2022.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 3 тамыздағы № 78/қе бұйрығымен күші жойылды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022.05.12. № 434 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 13 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 790-бабы екінші бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қoca берiлiп отырған Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (бұдан әрі - Ұлттық бюро) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Заң департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін, оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен кейін оны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;