Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө Өкімі
(2019.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 18 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |
ҚР Премьер-Министрінің 2016.07.07. № 55-ө өкімімен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.27.10. № 628 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің 2017.23.01. № 10-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2019.21.05. № 87-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2019.13.12. № 925 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 11-ө өкімімен
бекітілген
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заң шығару және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры, хатшы;
«М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» акционерлік қоғамы Жоғары құқық мектебінің директоры (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Жоғарғы Сот аппараты) басшысының орынбасары (келісу бойынша);