Введите номер документа
Прайс-лист

«Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаториялық-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 20 января 2020
Статус
Утратил силу
утратил силу с 25 января 2022

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаториялық-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығы

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2015 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мүгедектердің Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаториялық-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшерін есептеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом