Введите номер документа
Прайс-лист

«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 850 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 27 ноября 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 15 декабря 2023
Дата последнего измененияпонедельник, 27 ноября 2023

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 850 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрі

 

Е. Саденов

 

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрі

2023 жылғы 27 қарашадағы

№ 850 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі

 

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9573 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидаларында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Ата-анасының (қорғаншысының) біреуі немесе екеуі де бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын түлектерге жұмыс орны олардың қөніл білдіруі бойынша ата-анасының (қорғаншысының) тұратын жері бойынша ұсынылады».

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом