Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-Ө бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Жауапты хатшы | С. Нұрлыбай |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мырзағалиев
2019 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Жауапты хатшысының
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 4-Ө бұйрығымен
бекітілген