Введите номер документа
Прайс-лист

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 224 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 27 апреля 2018
Статус
Действующийвведен в действие с 27 апреля 2018
Дата последнего измененияпятница, 27 апреля 2018

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 224 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

2. Технологияларды және үздік тәжірибелерді ілгерілету, бизнес пен инвестицияларды дамыту, сондай-ақ 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму конференциясына қатысушы мемлекеттер қабылдаған «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы Қазақстанның жасыл экономикаға жылдам көшуіне ықпал ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп қоғамның жарғысын әзірлеуді және бекітуді, оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2018 жылғы 27 сәуірдегі

№ 224 қаулысына

қосымша

 

 

Қоғамның жарғылық капиталы төлеміне берілетін республикалық мүлік

 тізбесі

 

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1

BIOO TECH стенді

жиынтық

1

2

Pyro Gasification To Power CMD стенді

жиынтық

1

3

Дербес компьютер

жиынтық

70

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом