«Жекелеген салалардағы зертханалық жабдықтың көлемін (тізбесін) белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 298-ОД бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жекелеген салалардағы зертханалық жабдықтың көлемін (тізбесін) белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22838 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекелеген салалардағы пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемін белгілеу туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жекелеген салаларда пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі белгіленсін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі сынақ зертханалары (орталықтары) және (немесе) техникалық реттеу объектілеріне техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтар жүргізуді қамтамасыз ететін сәйкестікті растау органдарының сынақ зертханалары (орталықтары) үшін қолданылады;
2) осы тармақшаның 1) тармақшасында көзделмеген, заңды негізде сәйкестікті растау органының сынақ зертханасына (орталығына) тиесілі, техникалық регламенттердің көрсеткіштері бойынша аккредитация саласында мәлімделген өнімнің сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) жүргізуді қамтамасыз ететін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемі 100 (жүз) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан өнімнің сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) жүргізуді қамтамасыз ететін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың көлемін есептеу кезінде әрбір техникалық регламент бойынша бөлек саналады.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: