Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығы
(2022.18.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 9 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2022.18.01. № 2 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Заңды тұлғаларға арналған курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» (индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Заңды тұлғаларға арналған курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» (индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Заңды тұлғаларға арналған пошта қызметтерінің тарифтері туралы есеп» (индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Заңды тұлғаларға арналған пошта қызметтерінің тарифтері туралы есеп» (индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметтерінің тарифтері туралы есеп» (индексі 1-тариф (байланыс), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;