Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығы
(2025.06.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2021.16.07. № 11-1-4/291 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025.17.03. № 11-1-4/145 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 6 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 155) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2021.16.07. № 11-1-4/291 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Кадрлар басқармасы:
1) заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінің Эталондық банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттандыру орталығы» Респбликалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына жіберуді;