Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 284 бұйрығы
(2018.03.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 63-бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 10-тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу бойынша комиссия отырысының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 03-11/144 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанында аккредиттелсін және оларға тиісті аккредиттеу туралы куәліктер берілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанынан аккредитеуден бас тартылсын.
3. ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018.03.09. № 625 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2017 жылға арналған Сараптамалық кеңестің отырыстарын өткізудің кестесі бекітілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі | Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 22 мамырдағы
№ 284 бұйрығына
1-қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің
тізімі
1) Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы;