Введите номер документа
Прайс-лист

«Прокурордың қадағалау қызметі туралы» есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2023 жылғы 21 ақпандағы № 64 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 21 февраля 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 21 февраля 2023
Дата последнего изменениявторник, 21 февраля 2023

Прокурордың қадағалау қызметі туралы» есеп нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2023 жылғы 21 ақпандағы № 64 бұйрығы

 

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Прокурордың қадағалау қызметі туралы» есеп нысаны (бұдан әрі - есеп) бекітілсін.

2. Есепті тоқсан сайын қалыптастыру есептік кезеңнен кейінгі айдың 8-күніне орай өспелі қорытындымен белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Төрағасы ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу және есептің бөлімдерін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітсін.

4. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының мынадай бұйрықтары жойылсын:

1) «Прокурордың қадағалау қызметі туралы» есептің нысаны туралы» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 149 бұрығы;

2) «Прокурордың қадағалау қызметі туралы» есептің нысаны туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 149 бұрығына өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 15 қарашадағы № 144 бұрығы.

5. Комитет:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастырсын;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлішелеріне, Бас әскери прокуратураға, Бас көлік прокуратураға, облыстардың прокуратураларына және оларға теңестірілген прокуратураларға, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберсін.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

Б. Асылов

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2023 жылғы 21 ақпандағы

№ 64 бұйрығымен бекітілген

 

нысан

 

 

«Прокурордың қадағалау қызметі туралы» есеп

 

 

«Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі жұмысы туралы» 1-бөлім

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом