Введите номер документа
Прайс-лист

«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 853 Қаулысы (2024.01.01. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 30 ноября 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 30 ноября 2021
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 2024

 «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 853 Қаулысы

(2024.01.01. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 180-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының атауы «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 30 қарашадағы

№ 853 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

1. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiнде:

реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

20

«ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде есепте.

».

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом