Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық материалдар мен олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 201-НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 29 апреля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 16 мая 2025
Дата последнего изменениявторник, 29 апреля 2025

Қазақстан аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық материалдар мен олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 201-НҚ бұйрығы

 

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 496-32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық материалдар мен олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

2) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом