«Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 21 қазандағы № 11-1-4/579 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/290 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу қағидаларында:
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Министрлік басшылығы рұқсат берген, шетелдік делегацияларды қабылдауды ұйымдастыруға, шетелдік делегациялардың қатысуымен отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, келіссөздер, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге байланысты шығыстар:
үй-жайларды тақырыптық безендіру;
іс-шараларды техникалық жарақтандыру және техникалық сүйемелдеу;
полиграфиялық және ақпараттық өнімдерді дайындау;
қатысушыларды үлестірме материалдармен, кеңсе керек-жарақтарымен, бейдждермен және кеудеге тағылатын белгілермен (пиндермен) қамтамасыз ету;
аудио және бейнежазба қызметтері;
стенографиялау және қорытынды материалдарды дайындау қызметтері;
ілеспе аудармаға арналған жабдықтарды жалға алу;
интернет желісіне қолжетімділікті, байланыс, бейнеконференцбайланыс және онлайн-трансляция қызметтерін қамтамасыз ету;
ақпараттық стендтерді, көрсеткіштерді, баннерлерді және баспасөз стендтерін дайындау және орналастыру;
іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлдермен безендіру;
іс-шаралардың техникалық, ақпараттық және өзге де қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер;
осы қағидалардың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты өзге де шығыстар.
көрсетілген Қағидаларға қосымшада белгіленген өкілдік шығыстар нормаларында:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«