Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 851 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 26 декабря 2016
Статус
Утратил силу
утратил силу с 31 января 2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 851 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 27 Қаулысымен күші жойылды

 

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 130, 168-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, қосымша кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы қызмет болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) серіктестік жарғысын бекітуді;

2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне беруді;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом