Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 242 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 4 ақпандағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабы 6-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберу;
2) осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет - ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.